• Doctors-in-meeting6

    Дәрігер консультациясы

    Терапевттің, невропотологтың кеңес беруі, наркологтың, психологтың құпия түрде кеңес беруі.

    Толығырақ
  • Demo

    Стационарда емдеу

    Уытсыздандыру жүргізу, абстиненттік күйден шығару, есірткілік сынуды тоқтату, ішімдікті салынып ішуді тоқтату.

    Толығырақ
  • Demo

    Физиоемдеу

    Ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен емдеуде пациенттің ағзасына аз мөлшерде жүктеме түсірумен ең жақсы нәтижеге жеткізу

    Толығырақ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі болып табылады. Биылдан бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды.

Медициналық сақтандыру қорында жиналған қаражат ел тұрғындарының тегін медициналық көмек алуы үшін жұмсалады. Дамыған елдердің көпшілігі оны денсаулық сақтау саласында қолданып, нәтижесін көріп отыр. Мұнда арнайы қорға жиналған қаражат есебінен тегін медициналық көмек алуға болады. Денсаулыққа қатысты мәселелерді алдын ала ойластыру қашанда оң нәтиже бермек. Әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты, дегенмен мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа көптеген жағдайларды, ұтымды және жақсы мүмкіндіктерді жасап отыр. Ендігі жерде бұл мәселеге мемлекет және жұмыс беруші де белсенді араласпақ. Мысалы, сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекемелер төлеп отырады, ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Сондай-ақ, еңбеккер азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударады. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді. Міндетті медициналық сақтандыруды екіге бөліп қарастырар болсақ, оның біріншісі – негізгі сақтандыру түрі. Бұл сақтандыру түріне мемлекеттік бюджеттен тегін көрсетілетін медициналық қызметтер кіреді. Ол еліміздің барлық азаматтарына қолжетімді болады. Мемлекет өз міндетіне медициналық қызметтердің бірнеше түрін алады. Мысалы, жедел жәрдем қызметін, санитарлық авиацияны, әлеуметтік маңызы бар ауруларға ем көрсетуді, төтенше жағдайда көмек көрсетуді және алдын алу шараларына қатысты екпелерді өз міндетіне алады. Ал екінші түрі – міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында қаржыландырылатын сақтандыру. Бұл негізгі сақтандыруға кірмеген басқа да медициналық қызметтер түрін қамтитын сақтандыру болады деп көзделуде. Оған амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық медициналық көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, медбикелердің ұзақ мерзім бойы күтім жасауы кіреді. Сақтандырудың осы түрі міндетті сақтандыру жүйесіне тіркелген азаматтар үшін қолжетімді болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарға 2020 жылға дейін амбулаторлық-емханалық қызметті бюджет есебінен тегін көрсету де қарастырылған. Сондай-ақ, заңға сәйкес азаматтар жеке басына арналған, өз қаражаты негізінде немесе жұмыс берушінің қаражатына жасалатын сақтандыру түрлерін де жасай алады. МӘМС-ды енгізумен ішкі жалпы өнімнен денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығын пайызы өседі, бұл медициналық қызметтердің жоғары сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Қаржыландыру көздерінің әртараптандырылуы және қаржыландыру мөлшерінің көбеюі экономикалық ынтымақтастық және дамыған елдердің деңгейіне жету бойынша жүргізілетін нақты іс-әрекеттермен жалпы мақсаттарды нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтардың жеке шығындары азаяды. Мемлекет заңға сәйкес халықтың бірнеше топтары үшін үлкен жеңілдіктер жасауда. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады, оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы. Яғни, қорға салатын қаражаты жоқ жандарға мемлекет ақша төлейді. Мысалы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар мен ҰОС ардагерлері және мүгедектерге мемлекет тарапынан төлемдер жасалады. Сонымен қатар, жұмыссыз жүкті әйелдер мен зейнеткерлер және жұмыссыз ретінде тіркелген, т.б. азаматтарға да жеңілдіктер қарастырылған. Айта кету керек, МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі қорға төленетін жарна көлеміне тәуелді емес. Ең бастысы, жарна уақытылы әрі үнемі төленіп тұрса болғаны. Бір жағынан осы жүйе арқылы жекеменшік ауруханалар мен мемлекеттік ауруханалар арасында бәсекелестік орнайтыны рас. Себебі, медициналық сақтандыруы бар азамат медициналық мекемені таңдай алады. Тек сол мекеме МӘМС жүйесінде жұмыс жасауы қажет. Осы арқылы жекеменшік ауруханалардың қызмет көрсетуі қалай болса, өзіне емделушілердің келуі үшін мемлекеттік ауруханалар да қызмет сапасын арттыратын болады.

Сонымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулықтарын сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ететін жүйе болып табылады.

Хабдылманат Смағұлов,
облыстық наркология диспансерінің басшысы.

Кәсiби тексерулер

Белгілі бір мамандықтар бойынша жұмысқа орналасқан кезде, қару-жарақ алу, шетелге шығу.

Workout Diary

Зерттеу

Әртүрлі зертханалық тексерулер өткізу.

Explore

Куәләндiру

Клиенттің өтініші бойынша есірткі мен ішімдіктен масаюға куәландыру жүргізу.

Байланыс мекен-жайы

  • Өскемен қаласы,
    Буров көшесі 21/1
  • Қабылдау бөлмесі - 8 (7232) 26-51-89
    Тіркеу бөлмесі - 8 (7232) 26-04-59
    Факс - 8 (7232) 26-19-44
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  • Көліктер:
    Автобус № 3, 42,46, 32, 47
    Маршрутты такси:
    № 246, 230, 212
    "Емхана" аялдамасы
  • Бас дәрігер – Смағұлов Хабдылманат Жумағазынович

    Бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары – Бауэр Юрий Владимирович

8 (7232) 24-90-44 - ПБЗ дәрі-дәрмекпен түзету мен оңалту және жіті маскүнемдік психоз бөлімшелері, Назырова Флюра Шамгоновна
8 (7232) 26-76-89 - дәрі-дәрмекпен түзету және оңалту бөлімшесі
8 (7232) 26-06-51 - емхана меңгерушісі, Кискина Гульмира Талгатбековна
8 (7232) 57-86-04 - тәуліктік сараптама кабинеті.
8 (7232) 26-43-23, 8-777-332-02-91 - тегін күндізгі стационар, "кодтау" пролонгирлеу әрекетімен ақылы препараттар салу - Бардадынова Людмила Викторовна
8 (7232) 26-84-59 - ұйымдасқан-әдістемелік бөлім, Казачек Зоя Владимировна
8 (7232) 29-54-73 - Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы (УБжУО) Ровнякова Л. К.
8 (7232) 70-15-78 - жасөспірімдер кабинеті Калиев Манап Слямович
8 (7232) 57-80-91 - мамандандырылған емдеу алдын алу бөлімшесі (МЕАБ). Джумагулова Г. М.
8 (7232) 24-90-44 - ақылы негіздегі бөлімше