• Doctors-in-meeting6

    Дәрігер консультациясы

    Терапевттің, невропотологтың кеңес беруі, наркологтың, психологтың құпия түрде кеңес беруі.

    Толығырақ
  • Demo

    Стационарда емдеу

    Уытсыздандыру жүргізу, абстиненттік күйден шығару, есірткілік сынуды тоқтату, ішімдікті салынып ішуді тоқтату.

    Толығырақ
  • Demo

    Физиоемдеу

    Ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен емдеуде пациенттің ағзасына аз мөлшерде жүктеме түсірумен ең жақсы нәтижеге жеткізу

    Толығырақ

Жастарды есірткі пайдалануға ұрындыратын тұрмыстағы әр түрлі келеңсіздіктер: ол ата-анасының ішімдікке немесенашақорлыққа салынып, баланың назардан тыс қалуы, әлеуметтік теңсіздіктер.Тығырықтан шығар жол таппаған жасөспірім достарының үгіт-насихатымен өмірдегі қиындықты бір сәт болса да ұмытып, ляззат алғысы келеді.Алайда олардың көпшілігі бұл ләззат құнының қаншалықты қымбат боларын білмейді де. Есірткінің ерекшілігі де сол – бір дәмін татқан адамды өзіне тез баурап алады.Нәтижесінде, жасөспірім қалай нашақорға айналғанын білмей де қалады. Нашақорлық тұқым қуалайды. Ата-анасы есірткіні пайдаланған балалардың 90 пайызы есірткіге тәуелді болып туылады.Оның себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі,қарның тоқ па, көйлегің көк пе дегендей.Көбінесе ауқатты отбасының балалары қарны тоқтығынан, істейтін іс жоқ болғандықтан нашақорлыққа, есірткі сатушыларға қосылғанын байқамайды да.Әрбір нашақор есірткіге кем дегенде 10 адамды үйретеді,яғни жұқтырады деген сөз.Нашақорлық-сырқат , емдеуден гөрі оның алдын алу жеңіл.Соңғы уақытта есірткіні пайдалану салдарынан өлім-жітім көбейіп отыр. Әдетте құмарпаз нашақор 35 жасқа жетпей өледі, ал, жасөспірім нашақорлар өмірінің орташа ұзақтығы есірткі пайдалана бастаған соң 5 жыл. Алғашқы кезде есірткіні ағзаға еңгізу адамның өзін дені сау сезіңіп, көңіл-күйінің алдамшы көтерілуіне, толық тәуелсіз сезінуіңе әкеледі. Ал шыңдығында есірткіден адам психикалық және дене әлсіздігіне шалдығып, бүкіл ағзалары қатты уланады. Әдетте бір-екі рет байкап көрудің өзі адамды есірткі таратушылардың құлы етеді, мүгедектікке апарады, заттардың алмасу процессіне араласып , ең алдымен мидың серотонин шығаратын жасушаларың өлтіреді. Бұл адамның белсеңділігін төмендетіп селқостыққа әкеледі. Тамырға жіберілетін есірткі пайдалану нәтижесінде тек психика, жүрек қан тамыры және жүйке жүйесі ғана емес, бауыр- бүйрек те зардап шегеді, ауруға қарсы тұру мүмкіндіктері нашарлайды. Тамырлар сырқаттанады, белсіздік дамиды, ақыл- ой деңгейі төмендейді. Есірткіні сирек пайдаланған болса да, оған деген құмарлықты адмның өз бетінше жою мүмкін емес. Ең жеңілі – оны мүлдем пайдаланбау. Ал есірткінің дәмін татып үлгерген болсаңыз, нарколог дәрігерге қаралғаныңыз жөн. Қазіргі кезде есірткіге тәуелді адамдарды «апиын алмастыру терапиясы» деген бағдарламамен емдейміз. Апиынды алмастыру терапиясы – бұл есірткіге тәуелділікті арнайы медициналық заттармен (метадон, бупренорфин) емдеу. Бұл дәрілік заттар морфин мен героиннің әсеріне ұқсас әсер етеді, сондықтанда оларды « алмастыру » деп атайды.Алмастыру терапиясы дәрілік заттарын, соның ішінде метадонды қабылдау заңсыз апиындық есірткілерді қолдану қажеттігін шектейді және тәулік бойы пациенттің тұрақты жағдайын қалыптастырады. Осыдан барып «алмастыруды қолдау терапиясы» деген атау пайда болған.Қазіргі уақытта бұл терапия Еуропалық Одақтың барлық елдерінде АҚШ, Канадада, Австралияда, Қытайда, Үнді елінде, Иранда және басқа да елдерде кең көлемде қолданылуда. Мысалы Еуропалық Одақтың 27 елінде 1 миллионнан аса адам нашақорлықтан емделеді, соның ішінде 670 000 адам апиынды алмастыру терапиясын алады екен.Бұл терапияны Қазақстанда 2008 жылдан бастап қолдана бастаған . Ал Өскемен қаласында 2010 жылдан бері және бүгінгі дейн жұмыс жасап келеді. Метадонды беру пункті « Облыстық наркологиялық диспансерде » орналасқан.

Апиынды алмастыру терапиясы бағдарламасының негізгі мақсаты ол:-Есірткі заттарын зиянды түрде қолданумен байланысты қауіпті тәртіп деңгейін және сонымен бірге ине жіберу заттарын ортақ қолданыста пайдалану салдарынан В, С гепатиттері, АВИТ/ЖҚТС жұқпасын және қан арқылы берілетін басқа да жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупін азайту.Науқасқа тиым салынған есірткі заттарын қолданусыз өмір сүруге қол жеткізуіне көмек көрсетіп, қолдау жасау.Науқастың жағдайын тоқтату күйінің белгілерін жеңілдету үшін алмастыру дәрілік заттарымен қалыпқа келтіру.Болашақта есірткі заттарын зиянды қолдануға қайта алып келу мүмкіндігін азайту.Есірткі заттарын қолдану салдарынан болатын қылмыстық белсенділікті азайту.Жалпы жеке тұлғаны, әлеуметтік және отбасылық жағдайларды жақсарту.

Апиынды алмастыру терапиясын қолдану ушін ең алдымен, апиындық тәуелділік синдромы диагнозы және оның емделуінің нәтижесіз болуы.

2)Ақпараттық келісім беру қабілеті;

3)18 жастан асқан тұлғалар;

4)Метадонды беру пункті аймағында тұру;

Кейбір адамдарға метадон жанама әсер беруі мүмкін. Көбіне кең тараған түрі: шамадан тыс тершеңдік, іш қатулар, ұйқының, жыныстық қатынастың бұзылуы және бір затқа назар бөлудің бұзылуы. Бұл жанама әсерлер бағдарлама қатысушыларының 20% пайда болады. Олар медициналық қауіпті емес деп саналады. Бұл бағдарламада пациенттердің заңсыз есірткілерді қолдану жиілігі төмендеді және қылмыстық тәртіп төмендеді деп ауыз толтырып айтуға болады. Және де пациенттердің психосоматикалық жағдайлары, тұрмыстық және әлеуметтік жағдайлары жақсарып, отбасы арасындағы қарым-қатынастары қалыптасты деп айта аламыз.

2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейн жобамызда 118 емделуші .Қазіргі уақытта жобада 33 адам ем алуда , олардың ішінде 26 ер адам, 7 әйел адам. Жұмысқа орналасқандар – 22 адам. Ата-аналарымен тұратындар – 16 адам болса, өз отбасылары бар – 8. ААТ алатын отбасылық жұптар (күйеуі мен әйелі) – 3.Апиынды алмастыру терапия орталығының бірі-білсе, бірі білмейді.Біздің орталық жастайынан есірткінің құрбанына айналған жастарға көмек қолын созуға дайын. Тіпті емделіп қана қоюға емес , тұрақты жұмысқа орналастыруға көмек жасайды.

Облыстық наркологиялық диспансердің ,нарколог- дәрігері Жумаханова Салтанат Семейхақызы

Кәсiби тексерулер

Белгілі бір мамандықтар бойынша жұмысқа орналасқан кезде, қару-жарақ алу, шетелге шығу.

Workout Diary

Зерттеу

Әртүрлі зертханалық тексерулер өткізу.

Explore

Куәләндiру

Клиенттің өтініші бойынша есірткі мен ішімдіктен масаюға куәландыру жүргізу.

Байланыс мекен-жайы

  • Өскемен қаласы,
    Буров көшесі 21/1
  • Қабылдау бөлмесі - 8 (7232) 26-51-89
    Тіркеу бөлмесі - 8 (7232) 26-04-59
    Факс - 8 (7232) 26-19-44
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  • Көліктер:
    Автобус № 3, 42,46, 32, 47
    Маршрутты такси:
    № 246, 230, 212
    "Емхана" аялдамасы
  • Бас дәрігер – Смағұлов Хабдылманат Жумағазынович

    Бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары – Бауэр Юрий Владимирович

8 (7232) 24-90-44 - ПБЗ дәрі-дәрмекпен түзету мен оңалту және жіті маскүнемдік психоз бөлімшелері, Назырова Флюра Шамгоновна
8 (7232) 26-76-89 - дәрі-дәрмекпен түзету және оңалту бөлімшесі
8 (7232) 26-06-51 - емхана меңгерушісі, Кискина Гульмира Талгатбековна
8 (7232) 57-86-04 - тәуліктік сараптама кабинеті.
8 (7232) 26-43-23, 8-777-332-02-91 - тегін күндізгі стационар, "кодтау" пролонгирлеу әрекетімен ақылы препараттар салу - Бардадынова Людмила Викторовна
8 (7232) 26-84-59 - ұйымдасқан-әдістемелік бөлім, Казачек Зоя Владимировна
8 (7232) 29-54-73 - Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы (УБжУО) Ровнякова Л. К.
8 (7232) 70-15-78 - жасөспірімдер кабинеті Калиев Манап Слямович
8 (7232) 57-80-91 - мамандандырылған емдеу алдын алу бөлімшесі (МЕАБ). Джумагулова Г. М.
8 (7232) 24-90-44 - ақылы негіздегі бөлімше