Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі 2017 жылдың 1 мамаырынан 31 мамырына дейін Шығыс қазақстан облысында Бүкіләлемдік темекімен күрес күніне орай «Темекі дамуға қауіп төндіреді» тақырыбында апталық өткізеді

Қазіргі таңдағы қоғамда шылым шегу әртүрлі топтағы халық арасында соның ішінде әйелдер, жасөспірімдер тіпті балалар арасында да кең таралған әдетке айналды. Статистикалық деректерге сүйенсек, үнемі темекі пайдаланушы адамдар саны әлемде миллардқа жеткен екен. Никотинге тәуелділік адам ағзасына үлкен қауіп әкеледі. Темекінің түтінінде 30 дан артық улы заттар бар. Олар: никотин, көмірқышқыл газы, көміртек тотығы, көгерткіш қышқыл, амиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар және т.б. Темекінің 1-2 қорабында никотиннің өлімге душар ететін мөлшері бар. Шылым шегушіні никотин мөлшерінің ағзаға бірақ емес біртіндеп енуі ғана құтқарып қалады.

Статистикалық мәліметтер бойынша:шылым шекпейтіңдермен салыстырғанда аса ұзақ шегетіндер 13 ретке жиі стенокардиямен ауырады, ал 12 ретке - инфаркт миокардамен, ал 10 ретке – асқазандағы жарамен ауырады екен.

Өкпе қатерлі ісігіне шалдығандардың 96-100% шылым шегушілер құрайды. Әрбір жетінші ұзақ уақыт шылым шегуші адам қан тамырларының ауыр сырқаты- тығындалған эндартериитпен ауырады.

Темекі өнімдері құрамында ақуыз, көмірсу, минералды тұздар, клечаткалар, ферменттер, май қышқылдары бар темекінің кептірілген жапырағынан дайындалады. Олардың ішінде адам ағзасына қауіпті екі зат тобы-никотин мен изопреноидты атауға болады. Адамның жүйесі мен әртүрлі органдарына әсер ету күші бойынша және сандық құрамы бойынша Темекінің жапырағында никотин бірінші орынды алады. Ол организмге темекі иісімен бірге кіреді, оның құрамында, никотиннан басқа, тітіркендіретін әрекеттегі заттар, соның ішінде, канцерогендік (Бензпирен мен Дибензпирен, яғни қатерлі ісік пайда болуға себепші, көп көмір қышқыл газы - 9.5% (атмосфералық ауада - 0.046%) және көміртек топтығы - 5% (атмосфералық ауада ол жоқ). Никотин жүйке улары тобына жатады. Жануарларға эксперимент жасағанда және адамдарды бақылау кезінде аз мөлшердегі никотин жүйке жасушаларын қоздырып, жүрек соғысы мен дем алуды жиілететіні, жүрек жиырылуы ритімн бұзылуын, жүрек айнытып, құстыратыны анықталған. Көп мөлшердегі никотин ОЖЖ жасушаларының қызметін әлсіретеді.

Жүйке жүйесінің бұзылуы еңбек қабілеттілігінің төмендеуінен, қолдың дірілінен, есте сақтау қабілетінің төмендеуінен байқалады. Никотин организмге керекті заттарды жасап шығаратын бездерге де әсер етеді, атап айтқанда бүйрек безіне әсер етеді, олар сол орайда, артериялық қысымды көтеретін және жүрек қысқартуын үдейтетін, қан жолдары тырысуын тудыратын Адреналин гормонын қанға бөледі. Жыныстық бездерге зиянды әсер етіп, никотин ер адамдарда жыныстық әлсіздік - белсіздіктің дамуына себепші болады!!! Сондықтан, оның емдеуін ауруларға шылым шегуді қоюды ұсынудан бастайды. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін шылым шегу өте зиян. Әлі де бұғанасы бекімеген жас ағза темекіге төтеп бере алмасы анық.

Эксперимент жасаған кезде темекі түтінін жұтқан тықшандардың 70%-да өкпенің қатерлі ісігі анықталған. Темекі шегетін адамдар оны қолданбайтын адамдарға қарағанда 20 есе көп қатерлі ісікке шалдығады екен. Адам неғұрлым ұзақ уақыт шылым шексе, оның осындай ауыр науқастан көз жұму мүмкіндігі оданда көбірек болмақ. Статистикалық деректерге сүйенер болсақ, шылым шегетін адамдарда басқада органдар-өңеш, асқазан, көмей, бүйректің қатерлігі ісігі көбірек кездеседі екен. Шылым шегетіндерде трубканың мүштігінде жиналатын сығындылардың канцерогенді әсері кесірінен төменгі ерін қатерлі ісігі жиі туындайды. Көбінесе шылым шегу үнемі жөтелдірітетін және ауыздан жағымсыз иіс тудыртатын созылмалы бронхиттің дамуына әкеп соғады. Созылмалы қабыну нәтижесінде бронхалар кеңейеді, содан қиын салдары бар бронхоэктаза – пневмосклероз болады, өкпенің эмфизема, жеткіліксіз қан айналымына апаратын, өкпе жүрегі деп аталатын ауруға әкеп соғады. Осының бәрін құмарпаз шылым шегушінің сырт келбетінен байқауға болады: қырылдаған дауыс, қабарыңқы бет, демігу. Темекі тартудың туберкулез ауруының пайда болуына қосқан үлесі де зор. Туберкулезбен ауыратын 100 адамның 95 осы аурудың бастапқы кезеңінде шылым шеккендер. Үнемі шылым шегетін адамдар жүрек тұсының ауысынуын сезінеді. Бұл стенокардия (жүрек қан тамырларының жетіспеушілігі) дамуымен жүрек бұлшықеттерін қоректендіретін жүрекке қан апаратын қан тамыры тарылуымен байланысты. Шылым шегетіндерде инфаркт миокардасы оны пайдаланбайтындарға қарағанда 3 есе жиі кездеседі.

Шылым шегу, көбінесе ер адамдарға зиян келтіретін, аяқ тамырлары қатты тырысуының ең басты себебі болуы мүмкін. Бұл ауру тамақ ішудің бұзылуына, гангренаға және нәтижесінде аяқты ампутациялауға апарады. Темекі түтініндегі заттардан сондай-ақ, ас қорытқыш тракт, бірінші кезеңде тістер және ауыздың шарышты қабығы азап шегеді.

Никотин асқазан шырынның шығуын көбейтеді, ол төс шеміршек астының сыздап ауруын, жүрек айнуды және құсуды туындатады. Бұл белгілер шылым шекпейтіндерге қарағанда, шылым шегушілерде жиірек болатын гастриттың, асқазан жара ауруының көріністері болуы мүмкін. Мысалға, асқазан жара ауруымен ауыратын ер адамдар арасында 96- 97% шылым шегушілер. Шылым шегу жарым-жартылай немесе толық соқырлыққа апарады.

Егерде бұл мәселені жеке әлеуметтік топта қарайтын болсақ, онда ең бір өзекті мәселенің бірі орта мектеп оқушылары арасындағы мәселе болмақ. Алайда оқушының әлі толық қалыптаса қоймаған санасына құрбы-құрдастарының ықпалы өте жоғары болғандықтан оған алаңдамау мүмкін емес. Сонымен қатар қасындағылардың ықпалынан бөлек қазіргі балалардың көбіне тән баланың «ерте есеюге» деген жеке ұмтылысыда бар. Және де бұл жерде ата-ананыңда, басқа ересектердің де «онда тұрған ештеңе жоқ» деген мысалы да теріс үлгіде әсер етуі мүмкін. Балаларға ата-аналар тарапынан және мұғалімдер тарапынан да көп көңіл бөлінуі қажет. Олар оқушылардың ұмтылыстары мен талаптарын қадағалап отырулары керек.

ШҚ ОНД нарколог-дәрігері: Жумаханова Салтанат Семейхановна

Байланыс мекен-жайы

  • Өскемен қаласы,
    Буров көшесі 21/1
  • Қабылдау бөлмесі - 8 (7232) 26-51-89
    Тіркеу бөлмесі - 8 (7232) 26-04-59
    Факс - 8 (7232) 26-19-44
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  • Көліктер:
    Автобус № 3, 42,46, 32, 47
    Маршрутты такси:
    № 246, 230, 212
    "Емхана" аялдамасы
  • Бас дәрігер – Смағұлов Хабдылманат Жумағазынович

    Бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары – Бауэр Юрий Владимирович

8 (7232) 24-90-44 - ПБЗ дәрі-дәрмекпен түзету мен оңалту және жіті маскүнемдік психоз бөлімшелері, Назырова Флюра Шамгоновна
8 (7232) 26-76-89 - дәрі-дәрмекпен түзету және оңалту бөлімшесі
8 (7232) 26-06-51 - емхана меңгерушісі, Кискина Гульмира Талгатбековна
8 (7232) 57-86-04 - тәуліктік сараптама кабинеті.
8 (7232) 26-43-23, 8-777-332-02-91 - тегін күндізгі стационар, "кодтау" пролонгирлеу әрекетімен ақылы препараттар салу - Бардадынова Людмила Викторовна
8 (7232) 26-84-59 - ұйымдасқан-әдістемелік бөлім, Казачек Зоя Владимировна
8 (7232) 29-54-73 - Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы (УБжУО) Ровнякова Л. К.
8 (7232) 70-15-78 - жасөспірімдер кабинеті Калиев Манап Слямович
8 (7232) 57-80-91 - мамандандырылған емдеу алдын алу бөлімшесі (МЕАБ). Джумагулова Г. М.
8 (7232) 24-90-44 - ақылы негіздегі бөлімше